+7 777 745 11 45 info@adalcheck.kz
menu close
address Астана қаласы, Есіл ауданы, А.Бектұрова көшесі 3/290

Автобус жүргізушілерінің денсаулығын жасанды интеллект тексереді

Автобус жүргізушілерінің денсаулығы жасанды интеллект көмегімен автоматты түрде бақыланады. Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерін медициналық тексеруден өткізетін жүйе жаңа деңгейге көтерілді. Яғни, рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексерулер толық цифрландырылған форматқа көшірілді.

Автобус жүргізушілерінің денсаулығы жасанды интеллект көмегімен автоматты түрде бақыланады. Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерін медициналық тексеруден өткізетін жүйе жаңа деңгейге көтерілді. Яғни, рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексерулер толық цифрландырылған форматқа көшірілді.

Тілеубек Әмерсейітов 30 жылдан астам уақыттан бері көлік жүргізеді. Қоғамдық көліктің тізгінінде жүргенде жолаушылар үшін де жауапты боласың, сондықтан күнделікті тексеру орынды дейді, тәжірибелі жүргізуші. Бұған дейін, медбикелердің бақылауында болған олар, бүгінде цифрландырылған құрылғының көмегіне жүгінеді. Жаңа смарт-жүйе қоғамдық көлік пен арнайы техника жүргізушілерінің қан қысымын, дене қызуын, жүрек соғысын және өзге де негізгі медициналық көрсеткіштерін санаулы минут ішінде анықтайды.

ТІЛЕУБЕК ӘМІРСЕЙІТОВ, ЖҮРГІЗУШІ: «Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін, және өзіміздің денсаулығымызды біліп отырамыз. Бұл аппараттың алдын өзіміздің медиктер өлшеп тұратын. Кішкентай аппарат бар еді, үрлеп отыратын едік. Қазір медик бақылап отырады».

Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл адам фактор

ынан туындайтын қателіктерді азайтып, жолдағы қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді. Себебі жүргізушінің денсаулығы жолаушылар қауіпсіздігінің басты кепілі. Егер тексеру барысында қандай да бір ауытқу анықталса, жүйе бірден белгі беріп, жүргізушінің рейске шығуына шектеу қойылады.

ӘЛІШЕР ТӨРЕҚҰЛОВ, «РАДУГА-ТРАНСПОРТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Жүргізушілерде қан қысымы жоғары болып анықталды. Аппараттан өте алмай. Барлығы нормативті болатын болса, аппарат чек стикер береді. Сол стикер жол парағына жапсырылып, жұмысқа рұқсат беріледі. Өте алмай қалғандар бойынша өз емханасына барып, емін алады. Емделіп келіп жатқандарда бар. Күнділеікті 100 — ден аса адам өтеді.»

Бұған дейін медициналық бақылау көбіне қағаз жүзінде жүргізіліп келсе, енді процесс ашық, нақты әрі жылдам форматта жүзеге асады. Цифрлық технологиялар уақытты үнемдеп қана қоймай, қоғамдық көлік саласындағы қызмет сапасын да арттыруға ықпал етеді дейді мамандар. Айта кетейік, жүргізушілердің денсаулығына қатысты барлық мәлімет арнайы терминал арқылы автоматты түрде базаға енгізіліп, нәтижесі электронды жүйеде сақталады.

Нұргүл Жолымбетова
Материалдарға негізделген:: https://otyrar.kz

Бізбен хабарласыңы

    Басу арқылы «Сұраныс жіберу», сіз шарттармен келісесіз Құпиялылық саясаты және жеке деректерді өңдеуге келісім беру.