info@adalcheck.kz
menu close
address Астана қаласы, Есіл ауданы, А.Бектұрова көшесі 3/290

Yandex бұлтты инфрақұрылымындағы техникалық ақау және ADALCHECK.KZ жұмысын қалпына келтіру туралы

Құрметті клиенттер мен серіктестер! Сіздерді хабардар етеміз, 2026 жылдың 11 қазанында Yandex бұлтты инфрақұрылымында ауқымды техникалық ақау орын алды. Оның салдарынан, соның ішінде Қазақстан Республикасы аумағында ADALCHECK.KZ платформасының жұмысын қамтамасыз ететін серверлік сервистер де зардап шекті. Нәтижесінде біздің жүйеміздің жұмысында елеулі үзілістер туындады, оның ішінде автоматтандырылған алдын ала рейстік және алдын ала ауысымдық медициналық тексерулердің терминалдық кешендерінің уақытша қолжетімсіздігі де бар. Ерекше атап өтеміз: жүйенің жұмыс істеуінің бұзылуына себеп болған — Yandex бұлтты провайдерінің жағындағы сыртқы техникалық мәселелер, ал ADALCHECK.KZ терминалдық кешендерінің өзінде ақау жоқ.

Қандай шаралар қабылданып жатыр

Ақау туындаған сәттен бастап біздің техникалық мамандарымыз жүйені қалпына келтіру бойынша дереу жұмысқа кірісті. Қазіргі уақытта біз ADALCHECK.KZ платформасын тәуелділікті азайту және сервистің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы провайдерден тәуелсіз баламалы бұлтты серверлік инфрақұрылымға ауыстырудамыз. Бұл процестің техникалық күрделі екенін ескеру қажет: ол деректерді көшіруді, бағдарламалық жасақтаманы баптауды, интеграцияларды қалпына келтіруді және жүйе компоненттерінің жұмыс қабілеттілігін тексеруді қамтиды. Бұл жұмыстар уақытты талап етеді және лезде аяқталмайды. Сонымен қатар, біз Yandex-тен бұлтты инфрақұрылымның тұрақтылығы толық қалпына келтірілгені туралы ресми ақпаратты күтіп отырмыз.

Жүйенің ағымдағы жұмыс жағдайы

Туындаған жағдайға қарамастан, біздің мамандарымыздың күш-жігерінің арқасында ADALCHECK.KZ негізгі сервистерінің жұмысын қалпына келтіруге қол жеткіздік. Қазіргі таңда терминалдар жұмыс істеп тұр, сіздің кәсіпорындарыңыздың қызметкерлері алдын ала рейстік және алдын ала ауысымдық медициналық тексеруден өте алады. Алайда техникалық жұмыстар әлі жалғасып жатқандықтан, уақытша үзілістер мен нәтижелерді өңдеу уақытының ұзаруы мүмкін. Атап айтқанда, дәрігердің жауабын күту және медициналық қорытындыны рәсімдеу уақыты 1 минутқа дейін ұзаруы мүмкін. Медициналық тексерулерді ұйымдастырған кезде осындай уақытша кідірістерді ескеруді сұраймыз және туындаған ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеміз. Ең бастысы — жүйені толық ауыстырып бітпей тұрып-ақ тексерулерді жүргізуді қайта іске қосуға қол жетті.

Үзіліс кезеңіндегі төлем тәртібі

Клиенттерімізге туындаған ыңғайсыздықты түсініп, ТОО «SMG» 2026 жылдың қазан айына арналған орындалған жұмыстар актілерін (АВР) жабу кезінде 2026 жылдың 11 және 12 қазанын қызметтер құнын есептеуден шығарып тастау туралы шешім қабылдады. Тиісті қайта есептеу қолданыстағы шарттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі. Көрсетілген үзіліс күні үшін төлем есептелмейді. Платформаны толық тұрақтандыру және жаңа серверлік инфрақұрылымға көшу бойынша жұмыстарымыз жалғасуда. Техникалық іс-шаралардың толық аяқталғаны туралы қосымша хабарланады. Туындаған ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз және шыдамдылығыңыз, түсіністігіңіз бен сеніміңіз үшін алғыс айтамыз.

ТОО «Safety measures groupe» директоры
А.А. Амиреев

УВЕДОМЛЕНИЕ О техническом сбое облачной инфраструктуры Yandex и восстановлении работы ADALCHECK.KZ

 

Бізбен хабарласыңы

    Басу арқылы «Сұраныс жіберу», сіз шарттармен келісесіз Құпиялылық саясаты және жеке деректерді өңдеуге келісім беру.